Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірімнің ең үздік жылдары: Әйгілі Роналду "реалдық" жанкүйерлерімен қоштасты

Опубликовано:

Мадридтік команданың ресми сайтында португалиялық шабуылшының хаты жарияланды. Әйгілі футболшы өзінің "реалдық" жанкүйерлері мен командаластарына жеке алғасын білдіре қоштасты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC
"Мадридтегі өмірім баға жетпес сәттерге толы болды. Өмірімнің ең үздік кезеңін осы клубта өткіздім десем де артық айтпаймын. "Реал Мадридке" алғыстан басқа айтарым да жоқ. Маған өз махаббатын сыйлап, қолдау білдірген адамдардың барлығына рахмет айтамын. Алайда, мен өмірімнің жаңа кезеңін бастау керек екендішіг түсіндім. Клубтан мені жіберуді сұрағанымның себебі де осы.
Бұл баға жетпес тоғыз жыл болды. Мен үшін бұл уақыт мәңгі есте қалары сөзсіз. Менімен бірге клубтың намысын қорғаған әріптестерімнің бәрі өз ісінің маманы әрі теңдесі жоқ адамдар болды. Мен көптеген адамдардың жылы ықыласына бөлендім. Біз бәріміз бұрын-соңды ешкім жетпеген жетістіктерге ие болдық. Рекордтан рекорд жаңарттық. Командалық ойынның арқасында мен көптеген жекелей мараппаттарды жеңіп алдым.
Реал Мадрид менің және менің отбасымның жүрегін жаулай білді. Сол себепті клубтың болашағы мен жеңістері үшін тер төгіп жүрген әрбір қызметкерлерге алғыс айтамын.
Мен кетіп барам, бірақ бұл төсбелгі мен "Сантьяго Бернабеу" алаңы мәңгі менің жүрегімде қалады. Бәріне рахмет! Сөз соңында, тоғыз жыл бұрынғыдай Hala Madrid!", - деп жазды Криштиану Роналду.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1741603-mirimni-e-zdik-zyldary-jgili-ronaldu-realdyk-zankjerlerimen-kostasty/

pixel