RU
Қайта сайланған Ердоған өзінің күйеу баласын қаржы министрі етіп тағайындады
Жаңалықтар Әлемде

Қайта сайланған Ердоған өзінің күйеу баласын қаржы министрі етіп тағайындады

Рассказать Вконтакте

Жуырда Тайип Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын жария етті. Қаржы министрі қызметіне оның күйеу баласы Берат Албайрак келді деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түркия президенті өзінің күйеу баласын қаржы министрі қызметіне тағайындады

Фото: Reuters

9 шілде күні Режеп Тайип Ердоғанның инаугурациясы болып өтті. Дәл осы күні ол Министрлер кабинетіндегі бірқатар тағайындауларды да жариялады. Оның ішінде, ол өз күйеу баласы Берат Албайракты қаржы министрі етіп тағайындағанын жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Албайрак Энергетика және табиғи ресурстар министрлігін басқарған.

Жаңа үкімет құрамына барлығы 16 министр кірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel