Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкілі бала Ерболсын қостанайлық әйелдің ішінен жынын шығарды (фото)

Опубликовано:

NUR.KZ порталының редакциясына хабарласқан Ерболсын Серікбаев өзінің Қостанайда жүргенін хабарлады. Айтуынша, халықтың шақыртуымен 5 күн бойы тұрғындарды қабылдап, ем жүргізіп жатыр. Емші БАҚ өкілдерімен тілдесуден бас тартпайтынын айтты.

Қостанайлық тұрғын "Үкілі бала" Ерболсынға әйелін үш рет көрсетіп жынын шығарған
Қостанайлық тұрғын "Үкілі бала" Ерболсынға әйелін үш рет көрсетіп жынын шығарған: UGC
"Мен халықтың шақыртуымен 5 күнге Қостанай қаласына келдім. "Клубника" кафесінде ем жүргізіп жатырмын. Бүгін Қостанай қаласындағы соңғы күнім.
Мен қазір Ақтөбеде Кірпішті ауданында ем жүргіземін. Себебі, осыған дейін отырған "Аллегро" сауда орталығында жалға беру бағасы тым қымбат болды. Өзімнің Кірпішті ауданынан жер алуыма байланысты сол жерде халықты қабылдаймын", - дейді Ерболсын Серікбаев.
Қостанайлық тұрғын "Үкілі бала" Ерболсынға әйелін үш рет көрсетіп жынын шығарған
Қостанайлық тұрғын "Үкілі бала" Ерболсынға әйелін үш рет көрсетіп жынын шығарған: UGC

Емшінің айтуынша, Қостанайға сапарында ауыр дертке шалдыққан бірнеше адамды аяғынан тұрғызған.

Қостанайлық тұрғын "Үкілі бала" Ерболсынға әйелін үш рет көрсетіп жынын шығарған
Қостанайлық тұрғын "Үкілі бала" Ерболсынға әйелін үш рет көрсетіп жынын шығарған: UGC

"Осыған дейін Аралқұмға, Ақтөбеге келіп жүрген адамдар қайта қаралды. Ем қонып, аяғын басып жүріп кеткендер алғыс айтып жатыр. Бір ер адам әйелін үш сеансқа ертіп әкеліп, жынын шығарғанын айтып, алғыс жазып кетті",- дейді емші.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басуға, таратуға және өзге мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741618-kili-bala-erbolsyn-kostanajlyk-jeldi-isinen-zynyn-sygardy-foto/

pixel