RU
Өзен маңынан 600 келілік алып қолтырауын табылды
Жаңалықтар Әлемде

Өзен маңынан 600 келілік алып қолтырауын табылды

Рассказать Вконтакте

Австралияның Кэтрин өзенінде ұзындығы 4,7 метр, салмағы 600 келі болатын алып қолтырауын ұсталды деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: 9news

Сурет: 9news

Бұл қолтырауын - Кэтрин өзенінен табылған бұрын-соңды кездеспеген ең ірісі. Бірақ ол жақта бұдан да үлкен қолтырауындар бар деген сыбыс тараған.

2010 жылы жергілікті рейнджерлерге қолтырауын жайлы ақпарат келіп түскеннен кейін, олар аңдуды бастап кеткен.

"Қолтырауын Кэтрин өзені бойындағы елдімекеннен 60 километр қашықтықта орналасқан жекеменшік бекеттен табылды", - деді "NT Parks" бақшасының өкілі.
Сурет: 9news

Сурет: 9news

Оның сөзінше, қолытрауын өте майлы және ол шамамен 60 жаста екен. Бұл қолтырауын үшін орташа жас, өйткені олар 100 жылдан да ұзақ өмір сүреді. Енді қолтырауынды Кэтрин аймағындағы арнайы фермаға жібермек ойлары бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel