RU
Доңыз етін жақсы көретін "саудиялық ханзада" ұсталды
Жаңалықтар Әлемде

Доңыз етін жақсы көретін "саудиялық ханзада" ұсталды

Рассказать Вконтакте

47 жастағы Энтони Жиньяк Колумбияда дүниеге келген. Бірақ бала кезінде оны американдық отбасы асырап алған соң ол АҚШ-та өсіпті. 2008 жылы түрлі компанияларға 10 мың доллар көлемінде залал келтіргені үшін сотталды. Сол кезден бастап ол өзін араб ханзадасы етіп көрсетіп, жанындағыларн алдап келген. Бұл туралы Oxu.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: oxu.az

Сурет: oxu.az

Ер адамның 1991 жылдан бастап 30 жыл бойы жалған адамның атымен бәрін алдап келгені белгілі болды. Оның Майамиде үйі мен түрлі қымбат көліктері де болыпты.

"Саудиялық ханзада" 2017 жылы американдық компания басшысын алдамақ болып онымен келісімшартқа отыру үшін кездеседі. Кездесу барысында доңыз етін жеп отырғанын байқап қалған американдық азамат қауіпсіздік қызметіне жүігініпті. Сол кезде ғана 30 жыл бойы саудиялық ханзада кейпінде жалғандықпен өмір сүріп келген азамат құрықталған еді.

Сот шешімі тамыз айында шығатын болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel