RU
Алматылық тұрғын енесін үйіне кіргізбей қойған танымал әншіні айтып, жаға ұстады
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық тұрғын енесін үйіне кіргізбей қойған танымал әншіні айтып, жаға ұстады

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ тілшісіне хабарласып, өзінің есімін атамауды жөн көрген оқырмандардың бірі ел алдында жүрген танымал әншінің енесі туралы айтты. Айтуынша, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы күйеуінің анасын зәулім үйіне кіргізгісі жоқ.

Алматылық тұрғын енесін үйіне кіргізбей қойған танымал әншіні айтып, жаға ұстады

Көрнекі сурет

Оқырманның сөзіне қарағанда, ол әншінің енесінің көршісі екен.

"Ол бастапқыда келінін жұлдыз ретінде құрметтеп, сыйлағанын айтады. Сондықтан оны артық рет жұмсап, келіндік міндетін атқармағанына да ренжімепті. Алайда соңғы бес жылда ұлы мен келіннің үйіне бір де бір рет бармапты. Себебі шақырмайды, барса жақтырмайды.
Күнде маған келіп, сырын айтады. Тіпті бір күні ұлы өзі келіп, "білесің ғой, үйдегілер қонақ келгенді жақтыра бермейді, өзім келіп, керегіңді алып беремін" деп ашық айтыпты. Содан бері ол кісі үйінен шықпайды. Өздігінен жүріп-тұруы да қиын. Жасы келіп қалған", - деді алматылық тұрғын.

Айтуынша, көршілері көпті көрген әжейден білмегенін сұрап, кеңесін тыңдағанды жақсы көреді.

"Дана кісі, ақылын айтып, балаларға қандай білім беру керектігіне дейін кеңес беріп отырады. Өте қырағы, көзі ашық. Жасы тоқсанға келіп қалса да, ширақ. Бірақ, жалғыз тұрады. Сол - өкінішті.
Менің түсінгенім, қазіргі заманда ананы құрметтеу азайып бара жатқан сияқты. Келіні тамақ бермей, бір тілім нанға зар болған қаншама әжейлерді көзім көрді. Мәселе көрші әжейдің келіні танымал әнші болғанында емес, мәселе оның әнші болмақ түгілі, бір елдің президенті болса да, енесін құрметтеуге міндетті екендігінде ғой.
Мен көршімнің келіні ел алдында жарқырап жүргеніне қарап, керемет адам деп ойласам, сырт сөз алдамшы екен. "Ата-анаң жынды болса, байлап бақ" , - деген қазақтың қанатты сөздері қайда қалды?. Мен енді ол әншіні тыңдамайтын болдым. Қазақтың ибалы қызы сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде, айтып жүргендері өтірік екен", - деп күйінді әйел.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
49
13
19
20
2
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel