Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйеліңіз төсек қатынасынан суып кетсе не істеу керек?

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылар жыныстық өмірінде түрлі қиындықтарға тап болып жатады. Олардың бірі әйел адамның төсектес болудан жиі бас тартып жататыны болса керек. Бұл мәселенің анық-қанығы мен себеп-салдарын танымал орыс психологы айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: pt.depositphotos.com
Фото: pt.depositphotos.com: UGC

Маманның айтуынша, әйелінің жыныстық қатынасқа түскісі келмейтініне тап болған ер адамдардың ауруханаларға барып жүгінуіне негіз жоқ.

"Көп жағдайда, күйеуімен төсектес болғысы келмейтін әйелдер шаршап тұрғандарын айтады. Яғни, бұл дегеніміз жұмысынан бөлек ол үй шаруасымен де айналысады. Сол себепті, шаршаған соң адамның жыныстық қатынасқа түскісі келемей жатады. Ондай адамның ұйқысы келеді" - деп айтты психолог.

Неміс ғалымдары осы тұрғыда арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Оның нәтижесінде, үй шаруасын тең бөліскен ерлі-зайыптылардың жыныстық өмірінде ешқандай қиыншылдықтар анықталмаған.

Ал, өз жұмысынан бөлек үйдегі шаруа да ерлі-зайыптылардың біріне ғана жүктелген жағдайдағы жұптардың жыныстық қатынасқа уақыттары да, күштері де болмай қалған.

Осы зерттеу жұмыстарын негізге ала психолог маман ерлі-зайыптыларға үйдегі шаруаларын тең бөлісуге кеңес берді.

"Үй міндеттері дұрыс бөлісілген жұптардың жыныстық өмірінде тұрақтылық болады", - деп қорытындылады маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741640-jeliiz-tsek-katynasynan-suyp-ketse-ne-isteu-kerek/

pixel