Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша жинауға кері әсерін тигізетін 5 қателік қандай?

Опубликовано:

Айлықтан-айлыққа өмір сүріп шаршадыңыз ба? Қосымша қаржы жинағыңыз келеді алайда оныздан нәтиже шықпай ма? Олай болса Единственная порталына сілтеме жасаған NUR.KZ әр адам қаржы жинауда жіберетін бес қателікті ұсынады.

Көрнекі фото: edinstvennaya.ua
Көрнекі фото: edinstvennaya.uа: UGC

№1 қателік: Жоспарсыз жасалынған сауда

"70 пайыз акция" немесе "жаппай сатылым" деген жарнаманы көргенде өзіңізді ұстау мүмкін емес. Неге өзіңе жаңа көйлек сатып алмасқа?! Нәтижесінде осындай сауда айына бірнеше мыңдаған ақшанын көзін жояды.

Қаржыны мақсатты жұмсау үшін кез келген затты сатып алардан бұрын оның өзіңізге керектігіне көз жеткіз.

№2 қателік: Қалған ақшаны ғана жинау

Көпшілігіміз жалақыны ала салысымен коммуналды қызметтерге, пәтерақысына, несиеге, қарыздарымызға бөліп береміз, ал қалған ақшаны күнделікті тамақ пен жүріп тұруға деп қойып қоямыз. Соңында қалған азын-аулақ ақшаны ғана жинаққа саламыз.

Қалай істеу керек: Қолыңызға ақша түсе салысымен алдымен жинап жатқан ақшаңызға белгілі бір мөлшердегі сомманы аударыңыз. Ал қалған ақшаны қарыздар мен саудаға арнаңыз.

№3 қателік: Несие алу

Несие ауқымда сауда жасауға таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз. Алайда, оның үстіндегі пайызын есептесең, біраз ақшаны суға ағызып жіберумен тең.

Қалай істеу керек: Өзіңізге керек заттың бағасын алдын ала жоспарлап, ақшаны жинаңыз. Бірнеше ай қиналуыңыз мүмкін, есесіне армандаған бұйымыңызға несиенің көмегінсіз қол жеткізе аласыз.

№4 қателік: Өз-өзіңізге сенімсіздік

Егер үнемі ақша жинау – уақытты босқа жоғалту деп ойласаңыз, ол шыныменде солай болады.

Қалай істеу керек: Өзіңіздің ерік-жігеріңізге сеніп ақша жинауды бастау керек. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.

№5 қателік: Алдағы қойған мақсаттың болмауы

Ең көп кездесетін қателіктердің бірі – бүгіннен басталуы керек бюджетті, кейінге шегеру. Бұл ұстаныммен қаншалықты ұзақ жүрсен, армандаған затыңды да соншалықты уақыт күтуге тура келеді.

Қалай істеу керек: Болашаққа нақты жоспар жасап қой және сол бойынша әрекет ет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741655-aksa-zinauga-keri-serin-tigizetin-5-katelik-kandaj/

pixel