RU
"Айтуға тілің бармайды": Қуандық Рахымның танымал әні қатаң сынға ілікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Айтуға тілің бармайды": Қуандық Рахымның танымал әні қатаң сынға ілікті

Рассказать Вконтакте

Елімізге жаңадан танылған жас әнші Қуандық Рахымның әні сынға ұшырады. Оның патриоттық әні көптің көңілінен шықпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Қуандық Рахым. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды

Қуандық Рахым. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды

Қоғамдағы түрлі мәселелер жайлы өз ойымен бөлісіп отыратын Facebook қолданушысы Бақытжан Бұқарбай жас әншінінің әнін сынап тастаған.

"Қазақ болып тумағанда не етер ем?" деген ән соңғы кезде жиі естілетін болды. Қабылдай алмадым. Логикасы жоқ дүние.

Қазақ болып тумағанда ол туралы мүлдем білмес едім. Сондықтан маған бәрібір болушы еді.

Ал өзге ұлт болып туғанымда: "Әттең, бекер орыс, неміс, араб болып тудым. Қазақ болып дүниеге келу керек едім" деп ойламас едім.

Нағыз арзан, тіпті жалған патриотизм, абсурд пен трендизмге толы сананы улайтын бірдеңе. Шығарма деп айтуға тілің бармайды екен.

Әннің мәтініне сай, қаның, түрің, тілің қазақ болса, қазақ екенсің. Айдан анық нәрсе ғой. Мұны жырлаудың қажеті қанша?

Екіншіден, өзің таңдамаған нәрсе үшін шамадан тыс мақтана беру - кертартпалық пен боскеуделіктің көрінісі сияқты. Осындай шала-пала нәрселердің аудиторияның сұранысында жүргені өкінішті-ақ.

Одан гөрі, "Әй, қазақ, неменеңе масаттанып тойынып жүрсің? Жетер енді! Шайылу алдында тұрғанда адамзатқа беріп жатқан пайдаң қандай?" деп тыңдарманның үстіне мұздай су шашқандай әсер беретін әндер болса ғой", - деп жазады ол.

Бақытжан Бұқарбайдың бұл сынына танымал журналист Есенгүл Кәпқызы да қосылатынын мәлімдеді.

"Рас, мен де қабылдай алмадым. Біз балалық аурудан өтіп, даналыққа қадам басуымыз керек. Бұның бәрі абсурд. Өзге бірде бір ұлт "мен сондаймын" деп кеуде кермей-ақ дамыған елдердің алдында жүр", - деп өз пікірін қосты.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
2
6
4
0
19
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel