Шректің досын сатамын: Желідегі жарнама елді күлкіге қарық қылды (фото)
Әлеуметтік желіге тарап кеткен жарнама интернет қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Белгісіз азамат өзінің есегін сатпақ болған деп жазады NUR.KZ.
Өзінің есегін 25 мыңға сататынын айтқан азамат, елдің назарын аударудың тың әдісін ойлап тапқан.
"Жағдайы жақсы есек сатылады. Болмаса қойға ауыстырамын. Ақша тығыз керек болып тұр", - деді жарнама беруші.
Айта кететіні, ерекше жарнама желі қолданушыларының назарынан тыс қалмаған. "Керемет, жарнама", "Маркетолог екенсіз өзіңіз", "Есек сататын болсам, мынадай тақырыппен атау ойыма келмес еді" деп жарыса жазды.

Фото: Facebook парақшасынан алынды
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
3
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір