RU
Назарбаев еліміздегі ең жоғары дәрежелі 10 демалыс орнын атады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев еліміздегі ең жоғары дәрежелі 10 демалыс орнын атады

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шучинск-Бурабай курорттық аумағында болып қайтты. Шаңғы трамплинін аралап болғаннан кейін президент Қазақстандағы демалыс орындары туралы сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаев еліміздегі ең жоғары дәрежелі 10 демалыс орнын атады

Назарбаев еліміздегі ең жоғары дәрежелі 10 демалыс орнын атады

"Бурабай еліміздегі табыс көзі әрі туристерді тартуға арналған қолайлы орын. Бұл еліміздегі жақсылап көңіл бөлуді қажет ететін жалғыз орын емес.

Имантау-Шалқар демалыс аймағы, Павлодардағы Баянауыл, Түркістан облысына басты назар аудару қажет.

Осы аймаққа 100 мыңдаған адам келе алады, біз жақын арада бұл санды көбейтуіміз керек", - деп айтты Назарбаев.

Сонымен қатар, ол Алматыдағы тау шаңғысын дамыту туралы және Шарын шатқалындағы туризмді айтып өтті.

"Отандастарымыздың өзі біле бермейтін Шарын – Солтүстік Америкадағы шатқалдан да үлкен. Ол жақта болған адамның барлығы ерекше әсер алып қайтады, сондықтан жақсылап дамытуды қажет етеді", - деді президент.

Ең үздік он демалыс орнына ол Алакөлді, Үшарал, Балқаш және Каспий теңізін қосты.

"Бурабай демалыс орны – Астананың басты мақтанышы. Себебі ары қарай дамытуға мүмкіндік бар. Міне осы ондықты бірінші орында, ал қалғандарын басшылық өздері ескеру керек", - деді.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel