RU
"Темір тақ", "Кунг Фу Панда" мен "Шам" гитара: Астанадағы ерекше арт-нысандар қандай?
Жаңалықтар Қоғам

"Темір тақ", "Кунг Фу Панда" мен "Шам" гитара: Астанадағы ерекше арт-нысандар қандай?

Рассказать Вконтакте

Астанада жыл сайынғы дәстүрмен биыл да қаланың түрлі аудандарында ерекше ескерткіштер мен арт-нысандар бой көтеруде. Алматылық алып "тиіннен" кем емеспіз деген елордалықтар, инсталяциялардың алуан түрлілігі жөнінен де оңтүстік астанадан қалыс қалмайын деп тұр. Қала билігі "Темір тақ", "Кунг Фу Панда", тіпті, "Спанж Боб" сынды анимациялық кейіпкерлерді Астананың басты көшелерінің бойына қаз қатар тізіп қойған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Бұл тұрғыда қала әкімдігі мен ондағы атқамінерлердің қиялы "ұшқыр" болып шықты. Мәселен, олар қара темірден жасалған мынадай темір тақты – қаланың "Арбат" демалыс орнына қоюды жөн санапты. БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес, ескерткіш – әйгілі "Тақтар таласы" фильміндегі таққа ұқсатылып жасатылыпты.

Фото: kp.kz

Фото: kp.kz

Астаналықтар аптап ыстықта көлеңкені паналап, жайлы орында демалсын деген ниетпен қала билігі мынадай ерекше орындықты да "ойлап тауыпты". Оның ерекшелігі де сол – әр орындық бір-бір әріптің бейнесінде жасалыпты. Оларды қаз-қатар тізіп қойғанда, "Астана" деген жазбаны анық көруге болады.

Фото: astana.fm

Фото: astana.fm

Сол сияқты қаланың түрлі аудандарында қолшатырлар мен гүлдерден жасалған сақина, көбелек сынды инсталяциялар да бой көтерген. Елордалықтар аталмыш нысандардың жанында жарыса суретке түсіп, желіге жүктеп әлек.

Десе де қаланың әкімшілік, ішкі істер департаменті сынды басты нысандары орналасқан ауданда мынадай анимациялық кейіпкерлерді көргенде тіптен таң қаласыз. Олардың арасында "Смешарики", "Спанж Боб", "Кунг Фу Панда" сынды атақты мульткейіпкерлер бар.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Қаланың оң жағалауындағы Есіл өзенінің маңы да мынадай ерекше шамдарға толы. Сәулетшілер онда музыкалық аспап кейпінде жасалған шамдарды қоюды жөн көріпті.

Бұдан бөлек қаланың әр түкпірінен ұлттық нақышта бой көтерген түрлі иснталяцияларды көруге болады. Олардың арасында "қылышы мен қалқанын ұстап тұрған батыр" да, "мың бұрала билеген биші" де, "сұңқарын қолда ұстаған саятшы" да бар.

Cонымен бірге, қаланың тағы бір көшесінде мынадай анимациялық кейіпкерлерді тізіп қойған.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel