RU
Роналдудың соңынан тағы бір футболшы "Реалдан" кетпекші ме?
Жаңалықтар Спорт

Роналдудың соңынан тағы бір футболшы "Реалдан" кетпекші ме?

Рассказать Вконтакте

"Реал Мадрид" сапынан күні кеше кеткен Криштиану Роналдудан кейін оның командаласы болған Карим Бензема да клуб ауыстырмақ. Француз шабуылшысы өзінің Twitter-дегі парақшасына жүктеген жазбасы жанкүйерлерін алаңдатып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Карим Бензема командаласы Роналдудың артынан "Реал" сапынан кететін көрінеді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына біртүрлі жазба қалдырған.

"Осыдан тоғыз жыл бұрын мен тұнғыш рет Реалдың формасын кидім. Бұл клубқа, президентке, командаластарыма, барша қызметкерлер мен қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғыс айтудан шаршамаймын. Бұл тарихи команданың намысын қорғағанымды үнемі мақтан етемін. Hala Madrid!" - деп жазған шабуылшы.

Футболшының жазған хатын қоштасуға теңеген жанкүйерлер дабыл қақты. Олар "Реал" сапынан тағы да бір ойыншы кетуіне дайын емес болып шықты.

Фото: twitter.com

Фото: twitter.com

Футбол сүйер қауым Роналдудың "Ювентусқа" ауысқанын әлі де толықтай қабылдай алмай жатқанда, Бенземаның кеткені барша реалфандарға ауыр тиетіні сөзсіз.

Әзірге "Реал Мадрид" тарапынан ресми мәлімдеме түскен жоқ.

Айта кетейік, Бенземаның жазбасына ұқсас жан тебірентер хатты Криштиану Роналду да жазып кеткен болатын. Ол өз қоштасу хатымен көпшілікті жылатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel