RU
Назарбаев: Қазақстандықтар әлемнің барлық курортында демалып келген
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Қазақстандықтар әлемнің барлық курортында демалып келген

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Шучинск-Бурабай демалыс орнында өткізген жиналысында туризмді дамыту туралы сөз қозғады. Ол қазақстандықтардың әлем бойынша барлық демалыс орындарын аралап шыққанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаев: Отандастарымыз әлемнің барлық курортында демалып келген

Назарбаев: Отандастарымыз әлемнің барлық курортында демалып келген

"Біздің отандастарымыз барлық демалыс орындарына барып келді, теңізді көрді. Мен солардың қатарындамын. Біздің ендігі мақсатымыз - Қазақстандағы туризмді дамытып, жеріміздің қандай сұлу екенін көрсету.

Мемлекет бұл салада жақсылап жұмыс жасап жатыр, экономикалық жағынан да мүмкіндігі бар.

Бұл үшін жағдай жасалуы керек. Ал бізде жағдай бар, мен сол Бурабайға келдім.

Бірінші орында ішкі инфрақұрылымды жақсартуымыз керек. Сыртқы инфрақұрылым бізде дайын. Астана-Бурабай трассасы, темір жолы салынды. Көкшетау аэропорты жөнделді", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы бырлық аймақтар бойынша электр жарығы, су, канализация жүргізу керектігін айтты.

"Бұндай жұмыстарды мемлекеттен басқа ешкім жасамайды. Осыдан кейін ғана инвесторларға мүмкіндік бере аламыз. Адамдар осыған үйреніп жатыр, өздеріңіз білетіндей «Риксос» қонақ үйі салынды.

Менің бастамам бойынша 2023 жылға дейін бес жылға арналған жоба қолға алынды.

Біз қонақ үйлер тұрғызамыз, бірақ қызмет көрсету мәселесі басты тақырып болып қала береді. Біз жастарға қызмет көрсетуді үйретеміз", - деп сөзін түйді елбасы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel