Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанында қыздар жүрмейді: Әйгілі ресейлік әншінің гей екені рас па?

Опубликовано:

Cоңғы жылы Сергей Лазаревтың жеке өмірі жөнінде түрлі ақпараттар таралуда. Көпшілік танымал әншінің қыз-келіншектерге емес, ерлерге қызығушылық танытатынын айтып әлек. Бұл әңгімелерді оның қасынан шықпайтын досы мен кенеттен пайда болған ұлы жандандыра түскен деп хабарлайды kleo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: celebritieslab.xyz
Фото: celebritieslab.xyz: UGC

Ұлын ұзақ уақыт бойы жасырған әнші баласын сурогатты ана туып бергенін растаған.

Көпшілік Сергейдің қасынан шықпайтын Дмитрий Кузнецов есімді ер жігітті әншінің сүйіктісіне теңейді. Ол тіпті Лазарев баласының кіндік әкесі болып шықты.

Фото: celebritieslab.xyz
Фото: celebritieslab.xyz: UGC

Желі қолданушылары үнемі бірге жүретін Сергей мен Дмитрийдің арасында махаббат барына кәміл сенімді. Олардың айтуынша, сымбатты ер азаматтардың сүйіктілерінің жоқ болуы да бекер емес.

"Олар тіпті шетелге демалуға бірге барады. Қастарында қыз атаулысын көрмейсің ешқашан. Олар нағыз жұп. Қанша жасыруға болады", - деп айтуда желі қолданушылары.
Фото: celebritieslab.xyz
Фото: celebritieslab.xyz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741690-zanynda-kyzdar-zrmejdi-jgili-resejlik-nsini-gej-ekeni-ras-pa/

pixel