RU
Сарыағашта 22 жастағы жігітті өзінің сыныптастары зорлап кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Сарыағашта 22 жастағы жігітті өзінің сыныптастары зорлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Сарыағаштың Абай ауылында тағы бір жігіт зорланды. Бұл жолы 22 жастағы азамат өзінің зорлықшылардың құрбаны болғанын дәлелдей алмай жүр деп хабарлайды "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bolshoyvopros.ru

Фото: bolshoyvopros.ru

Есімін атамауды өтінген 22 жастағы жігіт өзін оқушы кезінде сыныптастарының бірнеше рет зорлағанын, тіпті онысын видеоға түсіріп, ешкімге айтпау үшін қоқан-лоққы жасағанын айтып берді. Сондай-ақ, әлі күнге дейін қорқытып келе жатыр екен.

Азамат сотқа арызданғанымен, онысын жауып тастаған. Ол 6 жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр екен.

"Мен арыз бергелі үш жыл өтті. Тек Сәкен есімді жігітті жұмыстан шығарды. Менде қаншама дәлел бар. Олардың менен қорқытып ақша алғандарын да білетіндер бар. "Бізді қамата алмайсыңдар" деп папама айтып кетті. Сәкеннің ағасы Абай ауылында депутат болып істейді", - деді қорлық көрген азамат.

Айта кетейік, жігіт осы зорлық салдарынан жыныстық ауру жұқтырған. Тексеріс басында 22 жастағы азаматқа қорлық көрсеткен екі жігіттен де дәл осы жыныстық ауру табылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
12
32
4
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel