RU
Шымкентте ауыл молдасын масқаралаған тілшілер жазадан құтылып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте ауыл молдасын масқаралаған тілшілер жазадан құтылып кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты екі қылмыстық іс бойынша айыпталған Анаркүл Сүлееваны екі жарым жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарып, сот залынан босатты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте ауыл молдасын масқаралаған тілшілер жазадан құтылып кетті

Шымкентте ауыл молдасын масқаралаған тілшілер жазадан құтылып кетті

Судья тілшіге үш жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды. Соттың соңғы шешімі бойынша Анар Сүлееева "адам ұрлау" бабы бойынша ақталды.

Сондай-ақ, бұл іске қатысы бар тағы екі журналист сот залына келді. Заңды шешім бойынша Бағила Қадырбаева екі жарым жылға сотталып, кәсіби қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынды.

Ал, Әбдіраман Тұрмағанбетов пен тағы бір журналист Ғабиден Рахманбердиевке де екі жарым жыл шартты жаза кесілді.

Әл-Фараби аудандық соты мәлімдегендей, сотталушыларға әуелде Қылмыстық кодекстің 147 бабының 5-бөлігі ("Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу") , 125 бабының 2-бөлігі ("Адам ұрлау"), 274 бабының 3-бөлігі (Көрінеу жалған ақпарат тарату"), 293 бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық"), 311 бабымен ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") айып тағылған.

Айта кетерлігі, атышулы журналистер ауыл молдасын бопсалап, мас қылып, жалаңаш күйінде бейнеге түсірген.

Кейін бұл бейнежазбаны Youtube желісіне жүктеп таратып жібереді. Тілшілердің құрбаны болған қажының өзі бұл әрекетті бұрынғы құдасының тапсырысы деп отыр.

Сондай-ақ, тілшілермен қатар бұл қылымыстық іске Ордабасы ауданының бұрынғы депутатының да қатысы бар. Төртеуі де адам ұрлау, алаяқтық, порнографиялық материалдарды заңсыз тарату ісі бойынша сот алдында жауап берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel