RU
Орамалсыз келінге беташар жасағандар қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Орамалсыз келінге беташар жасағандар қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Интернет бетінде тарап кеткен орамалсыз өткен беташардың видеосы көпшіліктің ашуына тиді. Желі қолданушылары қазақ салт-дәстүрін бұзғандарды қатты сынға алуда деп жазады sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желіде тараған видеода жас келін мен оның екі жағындағы абысындары да орамал тақпай тұрғаны көрініс тапты. Той үстінде болып өткен дәстүрдің ережелерге сай емес болғанын аңғарған көпшілік беташардың бұлай өтпегені дұрыс дегенді алға тартты.

«Беташарда орамал болу керек қой, бетін жауып тұратын. Бір Қазақстанда тұрып әр жақ өз ойларына келгендерін жасап жатыр. Бір салтты ұстау керек»
«Бұл қай елдің салты? Қазақта жоқ! Ойланыңдар ағайын, жартылай жалаңаш басы жалаңбас келіннің бетін ашып мəз болып тұрғандарыңызға жол болсын сабау қайда, орамал қайда», - деп ашынып жазды желі қолданушылар.

Оқырмандардың пікірінше, бұл солтүстік аймақтағы беташар болуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
31
3
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel