Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше рет тұрмыс құрған Алла Пугачева күйеулерімен бір төсекте жатпаған

Опубликовано:

69 жастағы әнші Алла Пугачева өзінің ескі досы Олег Меньшиковке берген сұхбатында өз күйеулерімен әрқашан бөлек жатқандығын айтқан. Ол тіпті Максим Галкинмен де екі бөлек төсектерде жататындықтарын мойындап қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: Instagram/maxgalkinru
Сурет: Instagram/maxgalkinru: UGC

Сондай-ақ, Пугачева 27 жыл жас айырмашылығы бар болса да, Галкиннің мінсіз жар екенін айтты. Үйлену тойының алдында өзінің таңдауына күдіктенсе де, әнші өзін бақытты сезінеді екен.

"Мен оған сол кезде айтқам: "Макс, мен сенімен бірге бір жастықтың астында қартайып, ештеңе жайлы уайымдамай аламын ба?" Ол маған қаталдау түрімен қарап, ештеңе жайлы қобалжымай-ақ қоюымды өтінді. Мен өзімді некеде бақытты сезіндім ғой", - дейді Алла Пугачева.
Сурет: Instagram/maxgalkinru
Сурет: Instagram/maxgalkinru: UGC

Әртіс өзінің бұрынғы күйеуі Филипп Киркоровті есіне алып, бір күліп те алды.

"Менің күйеулерім қандай болды: біреуі директор, біреуі мүлдем...Енді Филямен бәрі түсінікті. Филямен солай болуы керек еді. Ал қазір мен Максқа қараймын: жас, сымбатты, ақылды, әзілқой. Әлі күнге шейін маған онымен қалай жолым болғанын түсінбей келемін", - дейді ресейлік примадонна.
Сурет: Ivona - bigmir)net
Сурет: Ivona - bigmir)net: UGC

Қазір әнші екі баласы мен күйеуімен Мәскеу маңындағы ауылдағы зәулім сарайындай үйде тұрып жатыр.

"Үйіміз өте қолайлы, бәрі ішінде ойластырылған. Балаларымыз Кристина мен Клава, Дениске, маған, Максқа арналған бөлмелер бар. Мен әрқашан өз күйеулеріммен бөлек бөлмелерде ұйықтайтынмын, өмір бойы солай болып келеді", - дейді Алла Борисқызы.
Сурет: Instagram/maxgalkinru
Сурет: Instagram/maxgalkinru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741732-birnese-ret-trmys-krgan-alla-pugaceva-kjeulerimen-bir-tsekte-zatpagan/

pixel