RU
Алғашқы кездесу: Әйелдер қауымы өздері үшін төлегісі келеді мe?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алғашқы кездесу: Әйелдер қауымы өздері үшін төлегісі келеді мe?

Рассказать Вконтакте

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл алғашқы кездесуде өзі үшін төлегісі келетін әйелдердің саны көбейіп кетті. Осы мәселе төңірегінде жүргізілген сауалнаманың нәтижесі де қыз-келіншектердің көбісі ер адамның қалтасына тәуелді болғысы келмейтінін дәлелдеді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pixabay

Фото: pixabay

Badoo атты танысу қосымшасында жүргізілген сауалнамаға екі мыңнан астам әйел адам қатысты. Олардың жартысынан көбі алғашқы кездесуде өзі үшін төлегісі келетінін айтқан.

"18-36 жас аралығындағы қыз-келіншектердің көбі, яғни 65%-ы өзі үшін төлей алатын әйелдер болып шықты. Бұл дегеніміз, әйелдер қауымының жылдан-жылға өзіне деген сенімділігі артып бара жатқандығын аңғартады", - деп айтты зерттеу ұйымдастырушылар.

Оның үстіне сауалнамаға қатысқандардың 70%-ы өзіне ұанаған адамға бірінші болып алғашқы қадам жасайтын болып шыққан.

"Алғашқы қадам жасап өзі үшін төлей алатын қайсарлы аруларға қатысты жаман пікір айтушы ерлер өзіне сенімсіз дегенді білдіреді", - деп айтты сауалнама ұйымдастырушысы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel