RU
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Үкімет қаулысы бойынша 11 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: mgov.kz

Фото: mgov.kz

Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы 1966 жылы 12 ақпанда туылған. Қостанай облысының тумасы. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, докторы.

Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік университетінде мұғалім ретінде бастаған.

1996-2006 ж. Мемлекеттегі банк жүйесіндегі түрлі қызметтерді атқарды.

2006-2009 ж. «Аstana Capital Investment Group» ЖШС-нің бас директоры лауазымында болды.

2009-2011 ж. «Ұлттық басқарма холдингі «КазАгро» АҚ-ның төраға орынбасары қызметін атқарды.

2011 ж. «Ұлттық басқарма холдингі «КазАгро» АҚ-ның төрағасы болып тағайындалды.

2012-2018 ж. "Самрұқ-Қазына ФНБ" АҚ-ның басқарушы директоры болды.

Құрмет орденімен марапатталған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel