RU
Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастаған
Жаңалықтар Әлемде

Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастаған

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Шу ауданындағы Соқұлық ауылында 10 жасар қызды зорлап кеткен деп хабарлады Шу облысының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан агенттігі.

Базар маңында

Басқарманың хабарлауынша, оқиға 10 шілдеде жергілікті базардың жанында шамамен сағат 14.00 кезінде болған.

"Оқиға орнына бірден Соқұлық ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері барды. Қырғызстанның қылмыстық кодексінің 130-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сот-медициналдық сараптамалар тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер қызды зорлаған адамды іздеп жатыр.

Sputnik Қырғызстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлағандай, жартылай жалаңаш жылап тұрған қызды Соқұлық ауылындағы орталық базардың маңынан өтіп бара жатқан әйел тауып алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel