RU
Хорватия құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты
Жаңалықтар

Хорватия құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы аясында болып өткен кездесуде Хорватия құрамасы англиялықтарды жеңіп, ақтық сынға қарай бағыт алды. Ойын есебі 2:1 болып аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Eurosport.ru

Фото: Eurosport.ru

Жартылай финалдық кездесудің алғашқы голын ойынның 5-ші минутында-ақ англиялық Киран Триппье соқты. Ол айып добын орындауда хорватиялық қақпашы Субашичтен өз айласын асыра алған.

Дегенмен, ойын басында белсенді шабуылдар жасап тұрған Англия екінші таймға қарсы бәсеңдеп қалды. Мұны оңтайлы пайдалана білген хорватиялық футболшылар ойынның 68-ші минутында өткір шабуылдап, нәтижесінде Иван Перишич есепті теңестірді.

Экстра таймға созылған кездесудің нүктесін Марио Манджукич қойды. Хорватиялық шабуылшы 109-шы минутта есепті Хорватия құрамасының үлесіне шешті.

Айта кетейік, Хорватия құрамасы әлем чемпионатының финалына алғаш рет шығып тұр. Ақтық сында хорватиялықтар Франция құрамасымен кездеседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel