RU
Параны ет пен көлік түрінде алған алауазымды шенеунік 7,5 жылға сотталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Параны ет пен көлік түрінде алған алауазымды шенеунік 7,5 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы басшысы Базарбай Нұрабаев жеті жарым жылға сотталды деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: geology.gov.kz

фото: geology.gov.kz

Cот алқасы бұрынғы төрағаны жемқорлық әрекеттерді іске асырғаны үшін кінәлі деп танып, оны жеті жарым жылға бас бостандығынан айырды. Оның үстіне, шенеунік өмір бойына мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу құқығынан айырылады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың көктем айында тұтқындалған Базарбай Нұрабаевты жемқорлық әрекеттер жасаған, нақтырақ айтсақ пара алды деген күдікпен ұстаған болатын.

Анықталғандай, бұрынғы басшының алған парасының көлемі 100 мың доллар аясында болған. Ол дегеніміз 34 млн теңге.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмысы өткен жылдың сәуір айында бастау алды. Базарбай Нұрабаев тергеу жұмыстары кезінде қамауда болған.

"Жұмысы мен тұрып жатқан жерінен алынған тек түзу пікірлер мен қызмет жолындағы үлкен жетістіктері және тәжірибесі арқасында Базарбай Нұрабаевтың жазасы жұмсартылды." , - деп мәлімдеді сот алқасы.

Оған қоса, Нұрабаев ет пен көлік түрінде пара алды деп күдіктелген болатын.

"Соттың тергеу жұмысы барысында бұрынғы басшының ет алмағаны анықталды. Ал көліктер болса Абдрашев пен оның балаларының атында болды", - деп айтты сот.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel