Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр күнә: Зинақор әйел мен еркектің жазасы қандай?

Опубликовано:

"Күйеуім зина жасайды. Дінде ол жайында не айтылған?" деп дін қызметкерлерінен көмек сұраған келіншектің хатына Islam.kz сайты жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ауыр күнә: Зинақор әйел мен еркектің жазасы қандай?
Ауыр күнә: Зинақор әйел мен еркектің жазасы қандай?: UGC

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің басқа бір хадисінде былай деген:

"Зинақор еркек пен зинақор әйелдер қабірде таңдыр пеші іспетті пешке салынып, астарынан от жағылады. От алаулап астарынан жанған сайын, ішіндегілер шыңғырып, бақырады".

Демек, зинашының жазасы қабірге кіргеннен, қайта тірілу сәтіне шейін жалғаспақ. Қиямет қайым болғаннан соң да олар тозаққа тасталып, ол жерде жантүршігерлік азапты татады екен.

Сондықтан да, ақыреттен үміті бар әрбір жан ондай күнәдан бойды аулақ ұстағаны жөн. Ал, нәпсінің жетегінде кетіп, зинаға барып қойған кісілер өз-өздерін тыйып, тәубеге келулері шарт деп жазады islam.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741792-auyr-kn-zinakor-jel-men-erkekti-zazasy-kandaj/

pixel