RU
Хорватияға қолдау білдірген Сәкен Майғазиев Мәскеуге арнайы барды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Хорватияға қолдау білдірген Сәкен Майғазиев Мәскеуге арнайы барды (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өткен стадион жұлдызды жанкүйерлерге толы болды. Олардың арасында отандық танымал әнші Сәкен Майғазиев те бой көрсеткен. Ол Ресей астанасына хорватиялықтарға қолдау білдіру үшін арнайы барды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Ресей астанасында болып өткен Англия мен Хорватия құрамалырының ойынын өз көзімен көру үшін отандық әнші көрші елге арнайы барғвн. Бұл кездесуде Сәкен Майғазиев хорватиялықтарға қолдау білдіргенін жасырмады.

Әнші ойын кезінде оқырмандары үшін видео түсіріп тұрған кезінде Хорватия құрамасы гол соққан. Бұл бейнежазбаның астына Сәкен Майғазиев мынадай жазба қалдырды:

"АЛЛАh - білуші. Айтып, аузымды жиып үлгермедім... Халқының саны 5 000 000 -ға да жетпейтін, тәуелсіздігін 1991 жылы ғана алған (біздің құрдасымыз) Хорватияға жанкүйер болып отырғам. Тәй-тәй басқан қанша елге мотивация берері анық. ⚽️☀️ Хорватия 2-1 Англия", - деп жазды хорватиялықтардың жеңісіне қуанған әнші.

Желі қолданушылары әртістің футболға қызығушылық білдіретініне тәнті болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel