Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында тал түсте ұрлық жасаған полицейлер ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Бадамша ауылында салынып жатқан үй маңынан құрылыс материалдарын қызметтік көлікке тиеген полицейлерді біреу видеоға түсіріп алған. Роликте куәгердің тәртіп сақшылары ұрлығының үстінен түскені айтылады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысында тал түсте ұрлық жасаған полицейлер ұятқа қалды
Скриншот: Instagram: UGC

Әлеуметтік желі арқылы тараған роликте тәртіп сақшылары Нива көлігіне жылу ұстайтын материалдарды тиеп жатыр. Жандарында құрылыс учаскесінің бастығы жүр.

Ұры-қарыны ұстауға міндетті инспекторлардың бұл қылығына қатысты Ішкі істер департаменті қызметтік тексеру жүргізген. Олар әріптестерін ақтап отыр.

Айтуларынша, учаскелік инспекторлар оқу-жаттығу жұмыстарына құрылыс материалдарын уақытша сұрап алған. Кейін пайдаланып болған соң қайтарып беріпті.

Ол туралы құрылыс компаниясы басшыларынан түсініктеме де жаздырып алған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741804-aktbe-oblysynda-tal-tste-rlyk-zasagan-policejler-atka-kaldy-video/

pixel