Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандастарының қылығынан шаршаған Түсіпбаева шетелге көшіп кетпек

Опубликовано:

NUR.KZ порталының Ойбай Life бағдарламасына сұхбат берген Меруерт Түсіпбаева Қазақстаннан неге кеткісі келетінін айтты. Әнші елдегі жемқорлық пен "қазақбайшылықтан" қатты шаршағанын жеткізді.

Бүгінге жалғыз ұлын тәрбиелеп отырған әнші болашақта қайда тұратынын ұлының таңдауына байланысты болатынына сенімді. Айтуынша, ол кез келген ұлының шешіміне қарсы тұрмай, онымен бірге болады.

"Білесіз бе, бір уақытта менің көп достарым шетелге көшіп кетті. Қазір шетелде тұрып жатыр. 9 сыныптан кейін ұлыма қолқа салды. Колледжге түс, мен сенімен бірге боламын. Қорықпа, бірге тұрамыз. Өйткені шет мемлекет, Америка деген оңай емес қой", - деді ол жүргізуші Мұхит Сапарбаевқа.

Әншінің Қазақстаннан кету-кетпеуге қатысты көзқарасын Ойбай Life бағдарламасының YouTube каналынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741814-kandastaryny-kylygynan-sarsagan-tsipbaeva-setelge-ksip-ketpek/

pixel