RU
Астанада бокс кешін өткізген Бейбіт Шүменов төрешілерге ақшасын төлемей кеткен
Жаңалықтар Спорт

Астанада бокс кешін өткізген Бейбіт Шүменов төрешілерге ақшасын төлемей кеткен

Рассказать Вконтакте

Қазақстан боксы федерациясын сынап тастаған боксшы Бейбіт Шүменовтың өзі ұятқа қалды. Спортшы халықаралық санкция бойынша кездесудің ұйымдастырылуына төлеуге тиіс қаржыны төлемей кеткен деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Бұл туралы Қазақстан боксы федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко айтып берді.

"Бейбіттің ақша талап етті деген сөзі рас. Алайда, біз одан артық ақша алу мақсатында емес, бокс кешін ұйымдастыру үшін төленетін қаржыны беруді сұрадық. Өйткені, әлемдік федерация стандарты бойынша жұдырықтаспақшы болған кез келген боксшы төрешілер мен жалпы кездесудің ұйымдастырылуына белгіленген қаражатты төлеуге міндетті. Біз бар болғаны одан төлеуге тиіс болған сомманы талап еттік" , - деп айтты вице-президент.
Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Алайда, кездесудің ұйымдастырылуына көк тиын да төлемеген боксшы ақыры жұдырықтасып шыққан.

Фото: reactor.inform.kz

Фото: reactor.inform.kz

"Шетелдік төрешілерді былай қойғанда, Мақсат Асановты жерлесі болған соң, тегін жұмыс істеуді сүрапты. Мен отандық боксшылардың промоутерлеріне орындалуға міндетті халықаралық стандарт заңдылықтарын айтудан шаршадым.
Барлығымыз әлемдік бокстың дамуы үшін тырысып жүргендіктен дүниежүзілік бокс федерациясының орнатқан талаптарына қарап сап түзеуіміз керек. Осыны мен Шүменовке түсіндіре алмай-ақ қойдым.
Біз одан көк тиын да алған жоқпыз. Ал ол болса, Қазақстан боксы федерациясы жайлы негізсіз ақпараттарды таратып жүр", -деп қорытындылады Демьяненко.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel