RU
Олимпиада чемпионы атанған қыз қатерлі дертке шалдықты
Жаңалықтар Спорт

Олимпиада чемпионы атанған қыз қатерлі дертке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Шаңғы жарысы бойынша олимпиада чемпионкасы, американдық Киккан Рэндалл төстің қатерлі ісігіне шалдыққанын айтты деп хабарлайды championat.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Eurosport

Сурет: Eurosport

"Жақында дәрігерлер менде төстің қатерлік ісігін анықтады. Сырқаттың ерте кезінде анықталуына байланысты, олар жақсы болжамдар айтып отыр. Бұл менің өмірімді алдағы бірнеше айларда өзгертетін көрінеді. Анкоридждегі онкологиялық орталықта емделетін боламын.
Қатерлі ісіктің анықталғанын мойындау қиын екен. Неге осы жағдай менімен болды екен деп күнде түсінуге тырысамын. Өз-өзіме осы ауруды жеңіп, көңілдегі сергектік сезімін сақтап қаламын деп уәде бердім. Мен химиотерапияның бірінші сеансын өткіздім. Жаттығу залында жұмыс істеп, ауруханаға велосипедпен келіп-кетіп, бақытты кроссовкилерімді киіп алып, емделу барысымен бөлісіп отырамын", -деді Рэндалл өзінің парақшасында.

Пхёнчхандағы олимпиадада Рэндалл командалық спринтте алтын медальға ие болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
11
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel