RU
Қайрат Нұртас түрмедегі Бақытбектің қарындасына қалай қолдау көрсеткен?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас түрмедегі Бақытбектің қарындасына қалай қолдау көрсеткен?

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзованың бұрынғы қайынсіңлісі қиын сәтінде отбасына қолдау көрсеткен Қайрат Нұртасқа өз алғысын білдірді. Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима отандық әншінің қарапайымдылығы мен асқан мейірімділігіне тәнті болған деп жазады NUR.KZ.

Нағима Есентаева басынан өткен ауыр күндері кезінде қасынан табылып, өз қолдауын көрсеткен Қайрат Нұртасқа өз алғысын жаудырды.

Өзінің Instagram парақшасына былтыр түсірілген видеоларды жүктеген ол отандық жұлдыздың қарапайымдылығы мен кішіпейілділігіне қатты таңғалған.

"Өткен күн ,бүгінгі тариx дегендей. Былтыр тура осы куні Қазағымның еркесі,құлағымыздың құрышын тек хит әндерімен қандырып жүрген, қарапайым ғана Қайрошымызбен фотоға түсіп,әндеріне аяғымыз талғанша билеп, соңында біз Қайратжанды емес ,ол бізді машинамызға дейын отырғызып шығарып салып еді.
Сол кунгі кездесуде Қайрат маған келіп ,құлағыма бір - екі ауыз жылы сөзін айтып, демеу беріп еді . Сол сөздері әлі жанымда сақталып жүр. Менің де саған айтарым бар Алла ешқашан адастырмасын, не берсе де адалынан берсін", - деп жазды Бақытбек Есентаевтың қарындасы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
2
7
2
5
27
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel