RU
Алматы облысында үш адам қаза тапқан аурухананың басшысы қызметінен кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында үш адам қаза тапқан аурухананың басшысы қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы облысына қарасты Шелек ауылындағы аудандық аурухана маңында үш адам қаза тапқан болатын. Оқыс оқиғадан соң аталмыш аурухананың басшысы өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлайды time.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Газета.Ру

Фото: Газета.Ру

Тазарту жұмыстарын жасауға келген екі маман мен емхана дәрігері кәріз құдығына түсіп, метан газына тұншыққаннан кейін, Жақып Желеуов өз қалауымен жұмыстан шығуға арыз жазған.

"Жақып Желеуовтің өз еркімен жұмыстан шыққанын хабарлаймын. Ол қызметінен кететіні жайлы арыз жазды. Ал біз оның өтінішін қанағаттандырдық", - деді Алматы облыстық баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізде болса, 2 маусым күні кәріз құдығына тазарту жұмыстарын жүргізбек болған ер адам талып қалып, екі әріптесі құтқаруға ұмтылған еді. Алайда оқиға қайғылы қазамен аяқталды. Осыдан соң аталмыш аурухананың адамшошырлық кейіптегі суреттері желіге таралып кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel