RU
Танымал КВН жұлдызы 12 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Танымал КВН жұлдызы 12 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Тәжікстан КВН құрамасының көшбасшысы Хайрулло Мирсаидов 12 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды fergananews.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хайрулло Мирсаидов. Видеодағы кадр: News.tj

Хайрулло Мирсаидов. Видеодағы кадр: News.tj

Худжанд соты Тәжікстан КВН құрамасының басшысы, журналист Хайрулло Мирсаидовқа қатысты үкім шығарды. Ол 12 жылдық жазасын қатаң түрдегі колонияда өтемек. Сондай-ақ, оған бостандыққа шыққан соң екі жыл қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Мирсаидов 124 мың сомони (13,5 мың доллар) ақшаны иемденіп, өтірік ақпарат таратып, жалған құжаттар әзірлегені үшін кінәлі деп танылды. Аталған соманы сотталушы мемлекетке қайтаруы тиіс болады.

"Егер кінәлі азамат мемлекетке 123,9 мың сомони көлемінде келтірілген залалды өтеп бергенде, жазадан құтылып кетер еді", - деді судья Джурахон Рахмон.

Мирсаидовтың қорғаушысы Дилафруз Самадованың айтуынша, оның қорғауындағы азаматтың кінәсі сот ісі кезінде дәлелденбеген және оның шешімі "тым қатал" екен.

Сурет: Allinfo.kz

Сурет: Allinfo.kz

Еске салайық, Хайрулло Мирсаидов 2017 жылдың желтоқсан айында ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel