RU
Қарағанды облысында аяғы ауыр әйел су қоймасына батып кете жаздады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында аяғы ауыр әйел су қоймасына батып кете жаздады (фото)

Рассказать Вконтакте

11 шілде күні Қарағанды облысының тұрғыны Самарқанд су қоймасына батып кете жаздады. Аяғы ауыр әйел уақытылы келіп жеткен Төтенше жағдайлар қызметінің арқасында аман қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ТЖД

Фото: ТЖД

Демалуға барған әйел адам үшін суға түсу қайғылы оқиғамен аяқталуға шақ қалған. Жағалаудан әлдеқайда алыс жүзіп кеткен ол артқа қайта алмай тұншыға бастады.

Аяғы ауыр келіншектің батып бара жатқнаны аңғарған куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Абырой болғанда, әйел адам дін-аман. Қазіргі таңда ол ауруханада дәрігерлер бақылауында жатыр.

Фото: ТЖД

Фото: ТЖД

"Оқиға 11 шілде күні оры алды. Бізге су қоймасында батып бара жатқан әйел жөнінде ақпарат түскен болатын. Оның аяғы ауыр екені оқтиға орынанда бір-ақ анықталды. Оны жағалауға жеткізген құтқарушылар келіншекті дәрігерлерге табыстады", - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінде.

Құтқарушылар көпшілікті судағы қауіпсіздік шараларын ұстануға шақыруда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel