RU
Ақтөбе облысында полицейдің бетіне түкірген тұрғынның басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында полицейдің бетіне түкірген тұрғынның басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының тұрғынын мас күйінде ұстап алған. Ұстап алған полицейді балағаттап, бетіне түкіріп жібергені үшін 29 жастағы есепші жазаланды деп хабарлайды kyn.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Алау-ТВ

Сурет: Алау-ТВ

Іс деректерінде көрсетілгендей, айыпталушы 2018 жылдың маусым айында көшеде мас күйінде жүріп келе жатып полицейлерге ұсталған. Сол кезде тәртіп сақшылары есепшінің ішімдік ішкенін анықтау мақсатында оны аудандық ауруханаға жеткізген.

Тексерістен кейін Ішкі істер бөлімшесіне кіріп бара жатқан жігіт полиция қызметкерлерінің біріне бейәдеп сөздер айтып, бетіне түкіріп жіберген.

Сот отырысында Сқақов өзіне тағылған айыпты толық мойындап, өзінің кінәсін растап, көрсеткен қылығына шын жүректен өкінетінін айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауын сұрапты.

Ал медициналық тексерістің нәтижесінде айыпталушының ішімдік ішіп, марихуана шеккендігі анықталды.

"А.Сқақов Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, жаза ретінде 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 84 175 теңге айыппұл салынсын. А.Сқақов сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті",- деді судья С.Махамбетов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel