RU

Тәуекел Мүсілімді ғашық еткен арудың бай-бағланға қандай қатысы бар? (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзінен 11 жас кіші ғашығына алдағы жылы үйленгісі келетінін айтқан Тәуекел Мүсілім болашақ қайын жұрты жайлы жасырмай айтып берді деп хабарлайды time.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім. Фото: NUR.KZ

Тәуекел Мүсілім. Фото: NUR.KZ

Актердің айтуынша, жүрегін жаулаған аруын қарапайым кефелердің бірінде жолықтырған.

"Ол өте қарапайым, ұяң қыз. Сұлу, көрікті. Шаштары қап-қара ұзын. Бойы 1.80. Екеуміз кездескен 4 айда бірде-бір рет қызғаныш танытып, ұрыс шығармады.

Ол ешқандай да танымал адамның қызы емес. Қарапайым отбасынан шыққан. Бай-бағланға қатысы жоқ. Оның ата-анасымен танысып, алаңдамауын сұрадым. Тойды алдағы жылға жоспарлап отырмыз. Үйленгеннен кейін, анаммен бірге тұрамыз", - деді Тәуекел Мүсілім.

Айта кетейік, сері жігіт осыған дейін "Махаббатым жүрегімде" секілді фильмдер мен бірнеше клипте Жанар Дұғаловамен бірге рөл ойнаған болатын. Тәуекел өзін Дұғаловамен жұп деп есептейтіндерге мұның барлығы тек жұмыс барысы екенін мәлім етті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тәуекел Мүсілімді ғашық еткен арудың бай-бағланға қандай қатысы бар? (фото)
Mailfire view pixel