RU
Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Петропавлда православтар христиан әулиелері Петр мен Павел күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай қалада Петр мен Павелді еске алуға арналған крест шеруі ұйымдастырылған деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Азаттық. Авторы: Нұргүл Алина

Фото: Азаттық. Авторы: Нұргүл Алина

Басылымының мәліметінше, православтар таңертең Петр мен Павел соборының алдына жиналып, Коминтерн көшесінен бастап шерулетіп жүрген. Қатысушылар облыс орталығының алты көшесін жүріп өтіп, қаланы сумен аластап шыққан.

Мереке күні қалаға Павлодар және Екібастұз епископы Варнава, Көкшетау және Ақмола епископы Серапион да келген.

Ал Петр мен Павелді еске алуға арналған мерекелік шара әулиелер хибадатханасының алдында аяқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге барлығы 2 мың 500-ден астам адам қатысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
10
5
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel