RU
Еліміздегі бас санитар тойхананың әсемдігін ғана ойлайтын қонақжай қазақтарды сынға алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Еліміздегі бас санитар тойхананың әсемдігін ғана ойлайтын қонақжай қазақтарды сынға алды

Рассказать Вконтакте

Тойлар мен қонақасыларындағы жаппай уланулардың жартысы тағамның дұрыс даярланбағанынан болады. Бұл туралы бүгінгі брифинг кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: Sputnik Қазақстан

Сурет: Sputnik Қазақстан

"Біз, қазақтар - қонақжай халықпыз. Қонақтарды жақсы көреміз, тойларымызға кемінде 200-300 адам шақырамыз. Бірақ осындай тойлардың иелері көп жағдайда тойхананың әсемдігін ғана ойлайтынын айтқым келеді. Олар ең бастысы тағам екенін ұмытып кеткен", - деді бас санитар.

Бекшин тойхананың ас үйінде маманданған аспаздардың барына, ыдыс жуатындардың, даяшылардың жеткілікті екеніне, даярланған тағамды сақтайтын орынның бар-жоқтығына назар аудару керектігін айтты.

"Осындай дүниелерге назар аударуымыз керек. Себебі жыл сайын адамдар тағамнан уланып жатады", - деді Жандарбек Бекшин.

Спикердің сөзінше, көптеген уланулар ауылдық жерлерде, кішігірім аудан орталықтарында болатынын айтты. Себебі онда тойхана әкімшілігінің рұқсатымен той иелері дайын пісірілген тағамдар алып келеді екен.

"Бешбармақты үйінен пісіріп әкеледі. Осы жылы Шортандыда тағамнан улану жағдайы тіркелген болатын. Көрші ауылда тамақ пісіріп соны алып келген. Тамақ бір тәулік бойы тұрып қалған. Тойханаға алып келген соң ысытып бере салыпты. 58 адам зардап шегіп қалды", - деді бас санитар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel