RU
Түркістан облысында екі бірдей әкім пара алды деп күдіктелуде
Жаңалықтар Саясат және экономика

Түркістан облысында екі бірдей әкім пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында екі бірдей әкім пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: mgorod.kz

Көрнекі фото: mgorod.kz

Кентау қаласына қарасты Хантағы және Ащысай ауылдық округтері әкімдерінің үстінен 40 мың және 60 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен іс қозғалды.

Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің Youtube-тегі ресми аккаунтында қос шенеуніктің ұсталу сәтінің видеосы жария етілді.

Ондағы мәліметке сенсек, екі ауылдық округтерінің әкімдерін Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментіндегілер ұстаған.

Шенеуніктер әкімдік ғимараттарында төлем жасау терминалдарын орнату үшін келісімшарт түзу мақсатында жеке кәсіпкерден пара алған.

Күдіктілердің өз кінәларын толықтай мойындауларына байланысты олар қамауға алынбаған. Бұл бойынша Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel