RU
"Азапқа толы төрт сағат": Ақтау тұрғыны ЦОН-дағы берекетсіздікке шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

"Азапқа толы төрт сағат": Ақтау тұрғыны ЦОН-дағы берекетсіздікке шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысындағы арнайы ХҚКО-ның клиенті ұзақ кезектің кесірінен ашуға булығып, шағымданған. Ол жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін төрт сағатын жоғалтыпты деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Lada.kz

Сурет: Lada.kz

Маңғыстаулықтың сөзінше, куәлік ауыстыру қарапайым қызметі оның төрт сағат уақытын алған. Ол кезекте тұрған адамдарды суретке түсіріп алыпты.

"Жүргізуші куәлігін ауыстыруға төрт сағат кетті. "Неге мұндай кезектер?" деген ауысым басшысына қойған менің сұрағыма былай жауап берді: "Аз мөлшердегі айлықтың кесірінен қызметкерлер жетіспейді, ешкім 60 мың айлыққа жұмыс істегісі келмейді", - дейді ер адам.
Сурет: Lada.kz

Сурет: Lada.kz

NUR.KZ тілшісіне мекеменің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлағандай, кезектер туындап қалған техникалық қиындықтардың кесірінен болыпты. Бір күн бұрын, яғни 10 шілде күні, ХҚКО-да куәліктерді беретін бағдарламада 12:05-тен 16:44-ке дейін техникалық бұзылу болған.

"Сондай-ақ, 16:44 пен 20:00 аралығында біржүйелі есептеу желісі істен шыққан. Сондықтан осы екі күндері жүргізуші куәлігін беру қызметі істемей тұрды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілдері.

Жұмыс кезіндегі барлық олқылықтарды жою үшін өз кестелеріне қарамастан барлық қызметкерлер жұмысқа шыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel