Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда 21 жастағы келіншек із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Ақтауда 21 жастағы келіншек іс-түзсіз жоғалып кетті. Соңғы рет қаланың 31-шағын ауданында орналасқан Сары базардан таксиге отырып кеткен Қырмызы Энепияеваны одан қайтып ешкім көрмеген деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтауда 21 жастағы келіншек із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Қырмызы Энапияева. Фото: Lada.kz: UGC

Қырмызыны соңғы рет 10 шілде күні қаладағы базар маңынан көрген. Бұл туралы келіншектің туыстары хабарлады. Өткен сейсенбіде ол базар маңынан шамамен кешкі алтыларда үйіне қарай такси ұстаған. Алайда келіншек сол күйі үйіне оралмапты.

"Таксиде ол күйеуіне қоңырау шалып, үйге келе жатқанын айтыпты. Бірақ ол сол күйі үйіне келмеген. Біз бірден полицияға арыз жаздық. Актаулықтардан Қырмызыны табуға көмектесуін сұраймыз", - дейді Қырмызының әпкесі Лаура.

Келіншек сол күні ақ футболка мен сарафан киген. Қолында көлемі кішірек сөмке мен пакеті болыпты.

Келіншектің туыстары ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына нөмерге хабарласуын сұрайды: 8 702 645 57 00 или 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741908-aktauda-21-zastagy-kelinsek-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto/

pixel