RU
Назарбаевтың сыйлаған иті әлем чемпионатының финалистерін болжап берді (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаевтың сыйлаған иті әлем чемпионатының финалистерін болжап берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматылық жас вайнер қыз Медина Майсарова өзінің Instagram-дағы парақшасында видео жариялаған. Онда қыз балаға Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлаған француз бульдогы әлем чемпионатының жартылай кезеңінің нәтижесін болжап бергені көрсетілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодағы кадр.

Видеодағы кадр.

Қыз бала итіне Снежа деп ат қойыпты. Ол хорваттардың ағылшындарды жеңетінін қатесіз болжап берген.

Кадрда көрінгендей, 11 жасар иттің иесі қос елдің тулары бейнеленген екі телефонның үстіне шұжық тілімдерін қойып қоған.

Снежа жеңіске жеткен команданың туы бейнеленген телефонның үстіндегі шұжық тілімін жеп қойыпты.

Медина Снежаның нағыз көріпкел екеніне сенімді. Қыз бала итінің жай жануар еместігін, бұл әлем чемпионатындағы иттің дұрыс болжаған бірінші нәтижесі емесін де атап өтті.

Алматылық қыз әлем чемпионатында жеңімпаз кім болатынын анықтайтын видеоны ертең жариялайтынын айтты.

Еске салайық, жаңа жылдың қарсаңында Медина Майсарова президенттен ит сұрап, хат жазған болатын. Біраз уақыт өткеннен кейін Алматы әкімдігінің өкілдері мемлекет басшысының атынан ит алып келген. 11 айлық иттің толық аты - Де Франс Сесиль Снежан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
1
1
4
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel