RU
Беларусьте Роза Рымбаеваның есімі жазылған жұлдызды тақта пайда болды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Беларусьте Роза Рымбаеваның есімі жазылған жұлдызды тақта пайда болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Беларусьтің Витебск қаласында әйгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваға арналған жұлдызды тақта пайда болды. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында жария етті.

Еске салсақ, Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауының әділқазылар алқасы қатарына енген болатын.

"Менің қымбаттыларым! Бүгін Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңында менің есімім жазылған "жұлдыз" ашылды. "Славян базары" өнер фестивалінің басшылығы мен ел президенті Лукашенко мырзаға осындай керемет әрі жаныма жақын болып кеткен фестивалді ұйымдастырғаны үшін алғысым шексіз. Бақыттымын! Тек сіздер үшін қызмет ететін Роза Рымбаева", - деп жазды әнші.

Бұдан бөлек, Рымбаева салтанатты шарадан арнайы видеоны да ел назарына ұсынды.

Айта кету керек, жыл сайын жұлдызды тақтаға есімі жазылатын өнер иесі Беларусь республикасы президентінің "Өнер арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке жол" деп аталатын арнайы марапатына ие болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel