RU
Шымкенттік полицей ер кісіні өрттен құтқарамын деп өзі күйіп қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкенттік полицей ер кісіні өрттен құтқарамын деп өзі күйіп қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік полицей ер кісіні өрттен құтқарамын деп өзін күйіп шалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Тасболатов

Нұрлан Тасболатов

Оқиға Шымкент қаласы, Қазығұрт мөлтекауданындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Газ баллоны жарылып, салдарынан үйді өрт шалған.

Полиция капитаны Нұрлан Тасболатов осы сәтте еш ойланбастан өрт болған үйден ер азаматты құтқарып алып шыққан. Тәртіп сақшысы ары қарай өртті сөндіруге белсене көмектеседі. Құтқарушылар жеткенше қарап тұрмай, өрт сөндіргіш құралдардың көмегімен жалынды сөндіре бастаған полиция қызметкері сол кезде көк түтін басқан үйдің ішінен еніп кетеді. Салдарынан алапат өрт полицейді де шарпып, күйік шалады.

Нұрлан Тасболатов әріптестерімен

Нұрлан Тасболатов әріптестерімен

"Оқиға орнына полицейлер жеткенде от үйдің шатырына дейін шарпып кетіпті. Тек іштегі адамдардың айқайлаған дауыстары естіліп тұрған. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Нұрлан Тасболатов лезде қимылдап, іштегі адамды сыртқа алып шықты. Тұрғын үйге қайта кірген кезде, газ баллон жарылып, өзіне де от шарпып, күйіп қалған. Қазіргі таңда полиция қызметкері Нұрлан Тасболатов ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты", - делінген Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетерлігі, Түркістан облыстық ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция капитаны Нұрлан Тасболатов Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бокстан спорт шебері. 3 баланың әкесі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
4
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel