RU
Түркістанда үй бағасының шарықтап кеткені қаншалықты рас?
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда үй бағасының шарықтап кеткені қаншалықты рас?

Рассказать Вконтакте

Түрікстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың Түркістан қаласында жылжымайтын мүлік бағасы қымбаттап кетті деген ақпаратты қоластындағы қызметкерлері жоққа шығарды. Көне шаһарда жер телімдерінің бағасы шарықтамағанын қалалық әкімдік қызметкерлері өңірдегі NUR.KZ тілішісіне берген сұхбатында мәлімедеді.

Көрнекі фото: vchasnoua.com

Көрнекі фото: vchasnoua.com

Шымкент қаласы тұрғындарының саны миллионға жетіп, Шымқала мегаполис атанғанда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тілшіліреге ағынан жарылып, Түркістан қаласында жылжымайтын мүліктің қымбаттағанын мәлімдеген болатын.

"Шымкент республикалық дәрежедегі қала болғандықтан, бұл жердегі қызметкерлердің саны көбейеді. Түркістанда үй, жер алушылар көбейіп кетті. Үйдің бағасы көтеріліп кетті", - деген еді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.

Облыс әкімінің мәлімдемесінен кейін БАҚ беттерінде Түркістан қаласындағы жылжымайтын мүліктердің бағасы шырақтап кетті деген ақпарат тараған болатын. Тіпті тұрғын үй, жер телімдерін саудалайтын риэлторлар бір түннің ішінде көне шаһарда жылжымайтын мүліктің бағасы қымбаттап кеткендігін жарыса жарнамалаған.

Бұл жайттан кейін Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты жер кадастр бөлімі зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде мамандар қалада жылжымайтын мүліктердің бағасы қымбаттағаны туралы нақты дәлел таппаған.

" Түркістан қаласында тұрғын үйлік жер учаскесінің бағасы қымбаттап, сол шарықтаған бағада сатылды деген нақты дәлелді мәлімет жоқ. Бұл көбінесе жекеленген азаматтардың пікірі. Сонымен қатар жер телімдерін сатуға жарнамаға берген немесе жер іздеген азаматтардың тарапынан айтылған пікірлер мен болжамдар. Ал көпшілік айтып жүрген жарнамада қымбат бағада берілген жер телімдері туралы нақты ақпарат жоқ", - деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel