RU
Құрамасының жеңісіне қуанған Хорватия министрлері үкімет отырысына футболкамен келді (фото)
Жаңалықтар

Құрамасының жеңісіне қуанған Хорватия министрлері үкімет отырысына футболкамен келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Хорватия билігінің мүшелері үкімет отырысына жеңістен кейінгі күні үстілеріне футбол құрамасының жейделерін киіп алып келген деп хабарлайды vlada.gov.hr-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: vlada.gov.hr

Сурет: vlada.gov.hr

Билік өкілдері өздерінің парақшаларына да жейдемен түскен суреттерін жүктеп үлгерген. Оларға бұл үлгіні ел президенті Колинда Грабар-Китарович көрсетсе керек. Себебі ол чемпионат кезінде құраманың жейдесімен жанкүйерлік танытып, тіпті Медведевтің алдында билеген.

Хорватия өз тарихында бірінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. Дүбірлі дода кезінде Англия құрамасы хорватиялықтардан жеңіліп қалған еді.

Еске салайық, ақтаулық ер азаматтардың Хорватия президентімен бірге түскен суреті желіде тарап кеткен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
33
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel