RU
Галстук тағудың денсаулыққа зияны қандай?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Галстук тағудың денсаулыққа зияны қандай?

Рассказать Вконтакте

Неміс дәрігерлері галстук тағудың бас мидағы қан айналымына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеудің нәтижелері Neuroradiology журналына жарияланды деп хабарлайды massaget.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dnevniki.ykt.ru

Көрнекі фото: dnevniki.ykt.ru

Шлезвиг-Голштейн университеттік ауруханасының мамандары галстук мойындырық көктамыры мен ұйқы күретамырын қысып, ағзаға кері әсер етеді деген тұжырымға келді.

Зерттеу жұмыстарына 30 адам қатысты. Олардың жартысына галстук тағылып, магнитті-резонансты томография жасалды. Қалғандары да тексеруден өтті, бірақ галстуксыз.

Зерттеу нәтижесінде галстуктың мидағы қан айналымды айтарлықтай төмендететіні анықталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel