RU
Алматы облысында жас жігіт бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында жас жігіт бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен Талғар ауданының 24 жастағы тұрғыны Қағазбек Нұрқанат іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: inform.kz

Фото: inform.kz

Облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі мәліметінше, 1994 жылғы жас жігіт 5-ші шілде күні өз автокөлігімен белгісіз бағытта жол жүріп кеткен.

Ер адамның қайда жүргені әлі анықталмаған.

Жоғалған азаматтың белгілері: бойы 160-165 см, орташа денелі, шашы - қысқа, қара түсті. Үстінде сұр түсті футболка, қара түсті джинсы шалбар болған. Ерекше бегілері: денесінде бауырына жасалған отадан кейін қалған тыртық бар.

Полиция егер жоғалған жігіт жайлы қандай да ақпарат білетіндер болса, Талғар ауданының Ішкі істер басқармасына 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel