RU
Назарбаев Жамбыл облысының әкіміне алғысын жаудырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Жамбыл облысының әкіміне алғысын жаудырды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен өңір тұрғындарына алғыс хат жолдады.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Хатта елбасы аймақ басшысы мен халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірген.

"Құрметті Асқар Исабекұлы! Сізді және бүкіл Жамбыл облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы - барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты. "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Жамбыл облысы да елордаға ерекше сый жасады. Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады. Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады", - делінген алғыс хатта.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Нұрсұлтан Әбішұлы сөзін қорытындылай келе Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Жамбыл облысының әкімі мен өңір халқына шынайы ризашылығын білдірген.

"Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деп аяқталады мәтін.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы елорданың 20 жылдығына орай басқа өңірлермен бірігіп, ұзындығы 56 шақырымға жететін веложолды сыйға тартқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel