RU
Танымал футболшы бұрынғы әйелінің сау-тамтығын қалдырмай, сабап тастады (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Танымал футболшы бұрынғы әйелінің сау-тамтығын қалдырмай, сабап тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал америкалық футболшы Лешон Маккой өзінің бұрынғы әйелін өлгенше сабап тастаған. Делисия Кордонның сау-тамтығы қалмаған суреттері әлеуметтік желіге таралып кетті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Бұл жайында көпшілікке Делисияның құрбысы айтып берген.

"Күні кеше менің құрбым ойнап күліп жүр еді. Енді мына суреттегідей адам шошырлық күйге түсті. Мұны сенің істегеніңе сенгім келмейді. Осынша озбырлыққа барғаныңды бүкіл әлем білсін.

Ұлыңды ұрғанда да, итіңді сабағанда да үндемеген едік. Есірткі қабылдағаныңды да жасырып келдік", - деген келіншек құрбысының үйіне белгісіз ер адамның кіріп келіп, Лешон сыйлаған бағалы заттарды сұрағанын айтып берді.

Ал футболшы өзіне тағылған айыпты жоққа шығаруда.

Қазір Делисия ауруханада жатса, істі құқық қорғау органдары өз мойындарына алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
6
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel